Дін біреу – ол ислам

Еліміздің Ата заңында: «Республика азаматына ар-ұждан бостандығына – өзінің дінге көзқарасын дербес білдіруге, олардың кез-келгенін уағыздау, не ешқайсысын уағыздамау, дінге көзқарасына байланысты сенімін тарату және соларға сәйкес іс-әрекет жасау құқығына кепілдік беріледі» деп жазылған. Read more of this post

Халықтың діни сауатын ашумен, ағартушылық жолмен ғана күрделі мәселелерді шеше аламыз

Қайрат ЖОЛДЫБАЙҰЛЫ, ҚМДБ аппарат жетекшісі, исламтанушы:
– Қайреке, Қазақстанда сопылық іліміне қатысты түрлі пікірлер желдей есіп отыр. Біреулер мақтайды, енді біреулер даттайды. Жалпы, Ислам дінінде сопылықтың орны қандай? Соған нақты түсінік берсеңіз.

– Сопылық – әрбір әрекетімізді Алла көріп тұрғандай жасауға ұмтылу деген сөз. Анығырақ айтқанда, рухани кемелденуге бастайтын діни ілім. Read more of this post

Қазақстанда өзін пайғамбар деп атаған адам табылды (видео)

Соңыма еретін сахаба мен пайғамбарлар отыратын ғимарат салуға ақша іздеп жүрмін. Нұрәлі деген азамат арнамызға сонау Түркістаннан арнайы іздеп келіп осылай деді. Түнде шопыр, күндіз құдайдың елшісімін деген азамат қазіргі имамдардың шоқынған ивандардан айырмашылығы жоқ деп күйінеді.
Алматыға мың шақырымнан ат арылтып келген Нұрәлі мырзаның көңілі көтеріңкі. Өзін пайғамбармын деп таныстырган жігіт ағасы Алматыдан өзі сынды құдай елшілері жиналатын орталық салуды армандайды. Read more of this post

Атырау «мәсіхшілерінің» 99 пайызы қазақ

– Мынау қағаздарды қолға алып танысуға бола ма?
– Сіздер кімсіздер?
– Журналист едік.
– Жоқ, болмайды, бұл қағаздар қазір залға жиналатын адамдар үшін!
– Сонда журналистер адам емес пе? Read more of this post

Оңтүстік Қазақстан жастары экстремизмге қарсы

«Жастар экстремизмге қарсы» акциясының аясында Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің ішкі саясат басқармасында жастармен ондаған кездесулер өтті. Басқарма мамандары, психологтар мен дін қызметкерлері жастармен діни экстремизмнің қоғамға келтіретін үлкен қатері туралы сөз қозғады. Студенттердің айтуынша, олар жалпы алғанда үгіт-насихатшылардың қармағына түсіп қалмауға дайын. Read more of this post

«Жиһад» деген не? Оның терроризммен байланысы бар ма?

«Жиһад» сөзі араб тілінде белгілі бір нәтижеге, мақсатқа жету үшін яки бір істі істеу үшін бар қажыр-қайратың мен ынта-жігеріңді төгу, тырысу, күресу деген сияқты мағыналарды білдіреді.
«Жиһад» ұғымының аясы өте ауқымды. Бүгінгі таңда теріс бағыттағы ақпарат салдарынан көптеген адамдар жиһадтты қару алып соғысу деп біржақты түсінеді. Әрине, мұндай түсінік жиһадтың мағынасын шектейді. Read more of this post

Хабарландыру

«КӘУСАР» Корпоративтік Қорының Қапшағай қалалық №1 интернаты 2011-2012 оқу жылына әкесі не анасы қайтыс болған, әлеуметтік ахуалы төмен, көп балалы отбасыларынан шыққан сабақ үлгерімі жақсы, 3-7 сынып аралығындағы ұлдардың әлеуметтік қажеттіліктерін қамтамасыз ету мақсатында интернатқа қабылдайды. Read more of this post

Ақтөбе: лаңкестікке қатысы бар деген күдікпен 16 адам ұсталды; жарақат алған жігіт есін жиды

Ақтөбеде болған жарылыстан ауыр жарақат алған жігіт бүгін есін жиды. Науқастың жағдайы жақсарғанмен, дәрігерлер оны жансақтау бөлімінен жалпы емдеу палатасына ауыстыруға асықпайды. Ал тәртіп сақшылары жанкештінің сыбайластарын анықтау мақсатында қала бойынша тексеру жүргізуде. Және күдіктілердің саны сағат санап өсуде. Жарылысқа қатысы бар деген күдікпен, соңғы мәлімет бойынша, 23 адам қамауға алынған. Read more of this post

ИСЛАМ ЛАНКЕСТІКТІ ЛАҒЫНЕТТЕЙДІ

Бүгін Ақтөбе облыстық ұлттық қауіпсіздік комитетінің департаментінде орын алған жарылыс бүкіл елімізді дүр сілкіндіріп отыр. Әрлі-берлі тарихымызда бұрын-соңды болып көрмеген бұл оқиғаның діни астарының бар-жоқтығы жайлы әзірге ресми мәлімет жоқ. ҚР Бас прокуротурасының оқиғаға байланысты арнайы мәлімдемесінде жанкештің тек аты-жөні ғана көрсетілген. Read more of this post

Cұрақ-жауап

Бұрынғы шынайы сәлафтар мен бүгінгі сәлафилердің ақидасында қандай айырмашылық бар? Абдулла
Хабари сипаттарға қатысты тақырыпты бүгінгі қоғамда өзекті мәселеге айналдырып, қарапайым халықтың басын қатырып жүрген «бидғатшыл» топтар бар. Олар өздерін «сәлафтардың жолын ұстаймыз, біздікі ғана дұрыс» деп, хабари сипаттарға тәуил жасайтын Ашғари мен Мәтуруди секілді әһлі сүннеттік ақида мектептерін ұстанатын қалың жамағатты да, мағынасын білмейміз деп Аллаға тапсыратын (тафуид жасайтын) шынайы сәлафтардың жолын ұстанатындарды да адасушылар қатарына қосады. Read more of this post